Орталық жаңалықтары

«Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбындағы облыстық вебинар

       Білім  берудің оқу – әдістемелік орталығының іс шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 24 қарашасы күні информатика пәні мұғалімдеріне «Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбындағы облыстық  вебинар   өтті.

Вебинарға аудан/қаладан 85 педагог қатысты. 

Вебинарда Абдуллаева Ақтолқын Құрманғазықызы, Ақтау қаласы  «Alash lyceum» мектебінің информатика пәні мұғалімі, «Білім алушының цифрлық дағдыларын дамыту»;

Қалиева Гүлназ Рахметуллақызы, Бейнеу ауданы  М.Бегенов атындағы жалпы білім беретін  мектебінің  информатика пәні мұғалімі, «Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды қолдану әдісі»;

Наушабаева Самал Шәмилқызы Түпқараған ауданы, Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп – лицейінің  информатика пәні мұғалімі, «Виртуалды робаттармен жұмыс істеу»;

Қопашова Қаламқас Алдиярқызы,  Маңғыстау ауданы Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешенінің информатика пәні мұғалімі, «ChatGpt мүмкіндіктерін информатика сабағында қолдану»;

Ниязова Мөлдір Нұрадинқызы, Мұнайлы ауданы №3  жалпы білім беретін мектебінің  информатика пәні мұғалімі, «Үздік ақпараттық оқыту технологиясы» тақырыптарында баяндамалар оқыды. Вебинарға қатысушылар ұсыныс-пікірлер айтып, спикерлерге алғыстарын білдірді.

 

title=title=title=title=title=


Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және ...

Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы ...

Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік ...

2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...