Орталық жаңалықтары

Ардагер ұстаз - Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында облыстық вебинар өтті.

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облыстық атаулы «Шыңдалу мектебінің» негізін қалаушы, ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ардагер ұстаз - Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында облыстық вебинар өтті.

Вебинарға Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және атаулы «Шыңдалу» мектебінің облыс бойынша мүшелері қатысты.

Вебинарды оқу-әдістемелік орталықтың директорының орынбасары Жұмабаева Жемісгүл Жеткізгенқызы ашып, «Шыңдалу» мектебі бойынша облыс көлемінде жасалған жұмыстарға тоқталып өтті.

Вебинар барысында Бейнеу аудандық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Мелешов Азамат Кенесбайұлы Бақыт Балұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық олимпиадасының жүрісі, ережесі, өту барысы жөнінде таныстырды.

Сонымен қатар, Бейнеу аудандық білім бөлімінің Бейнеу лицейінің директоры, «Шыңдалу» мектебінің мүшесі Азанова Гүлраушан Бақытқызы «Атаулы мектептің айтулы жұмыстары» тақырыбында баяндама жасады.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған Бақыт Балұлы атындағы олимпиада Бейнеу ауданында 2022, 2023 жылдары аудандық деңгейде өтіп келеді.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңесінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес олимпиаданы облыс көлемінде тарату мақсатында 2024-2025 оқу жылында Маңғыстау, Түпқараған, Қарақия аудандарында пилоттық жоба ретінде өткізу жоспарланды.

Ұсыныс бірауыздан қолдау тапты. Алдағы жұмыстарға сәттілік тілейміз. 

title=title=title=title=


Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, мұғалім тұлғасының шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында22-23 ақпан күндері Астана қаласында  ...

2024 жылғы 21-22 ақпан күндері Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтау қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен ...

Мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің қауымдастығының жылдық жоспарына сәйкес, 2024 жылғы 22 ақпан күні «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар ...

Бүгін, 22 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Білім беру ұйымдарында ерекше білім ...

20.02.2024 ж. Облыстық мобильдік топ жоспарына сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдарда құзіреттілік орталықтарын қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15 ақпан күні республикалық «ББЖМ: 1000 мектеп» пилоттық жобасында енген 19 ...

Осы орайда, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 12-14 ақпан күндері мектепке дейінгі және ...

«Пікірсайыс –болашақ ел тізігінін ұстайтын элиталарды тәрбиелеуші құрал» тақырыбында семинар өтті Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылы 14 ақпан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен облыстық қосымша білім беру педагогтерінің қауымдастығының жоспарына ...