«Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбындағы облыстық вебинар
Білім берудің оқу – әдістемелік орталығының іс шаралар жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 24 қарашасы күні информатика пәні мұғалімдеріне «Информатика пәнін оқытуда жаңа педагогикалық ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану» тақырыбындағы облыстық вебинар өтті.
Вебинарға аудан/қаладан 85 педагог қатысты.
Вебинарда Абдуллаева Ақтолқын Құрманғазықызы, Ақтау қаласы «Alash lyceum» мектебінің информатика пәні мұғалімі, «Білім алушының цифрлық дағдыларын дамыту»; Қалиева Гүлназ Рахметуллақызы, Бейнеу ауданы М.Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі, «Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды қолдану әдісі»; Наушабаева Самал Шәмилқызы Түпқараған ауданы, Ғ.Айдаров атындағы №1 мектеп – лицейінің информатика пәні мұғалімі, «Виртуалды робаттармен жұмыс істеу»; Қопашова Қаламқас Алдиярқызы, Маңғыстау ауданы Тұщыбек мектеп-бөбекжай кешенінің информатика пәні мұғалімі, «ChatGpt мүмкіндіктерін информатика сабағында қолдану»; Ниязова Мөлдір Нұрадинқызы, Мұнайлы ауданы №3 жалпы білім беретін мектебінің информатика пәні мұғалімі, «Үздік ақпараттық оқыту технологиясы» тақырыптарында баяндамалар оқыды. Вебинарға қатысушылар ұсыныс-пікірлер айтып, спикерлерге алғыстарын білдірді. |
Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және ...
Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы ...
Бүгін Ақтау қаласындағы Нұрлыхан Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...
Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогі», «Оңалту орталығы, ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...
Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Маңғыстау облысының білім берудің оқу-әдістемелік ...
2024 жылғы 12 сәуір күні Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары ...