Орталық жаңалықтары

Астана қаласында «Білім берудегі көшбасшы бағдары» республикалық басқару интенсиві өтіп жатыр.

2023 жылғы 7-8 желтоқсанда Астана қаласында «Білім берудегі көшбасшы бағдары» республикалық басқару интенсиві өтіп жатыр.

Бұл республикалық іс-шара жалпы білім беру ұйымдарындағы басшылық қызметтегі көшбасшылар корпусының мәртебесін көтеру мен қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Маңғыстау облысынан 26 жалпы білім беру ұйымының директорлары, директордың орынбасарлары және кадр резервіндегі педагогтер қатысты.

Іс-шарада білім беру саласындағы халықаралық сарапшылардың, еліміздегі жалпы білім беретін мектеп директорларының мектепті басқарудағы үздік тәжірибелерінен кейс-сессиялар, креативті практикумдар, форсайт-сессиялар және тақырыптық пікірталас алаңдары өткізілді.

Сонымен қатар қатысушылар Ұлыбритания, Сингапур, Эстония және Әзірбайжан елдерінен келген спикерлердің басқару тәжірибесімен танысты. 

title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 15 ақпан ...

Осы орайда, Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған ...

«Пікірсайыс –болашақ ел тізігінін ұстайтын элиталарды тәрбиелеуші құрал» ...

2024 жылы 14 ақпан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының қолдауымен ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар ...

2024 жылы ақпан айының 08-і күні Мұнайлы ауданы, «№11 жалпы білім беретін мектеп» ...

2024 жылдың 9-шы ақпанында Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2024 жылғы 08 ақпан күні өткен Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

Бүгін, 2024 жылғы 8 ақпан күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары ...

Бүгін білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Жаңаөзен ...