Орталық жаңалықтары

«Арнайы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне онлайн семинар өтті.

 Бүгін, 23 мамыр күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Арнайы мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында білім беру ұйымдарының педагогтеріне онлайн семинар өтті.

Семинардың мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытып, тәрбиелеудегі психикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың ақыл-ойын, танымын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық өмірге бейімделуіне қажетті білім дағдыларын алу үшін арнайы білім беруді ұйымдастыру, оңтайлы әдістерді қарастыру.

 Қамтылған аудитория: Арнайы және жалпы білім беру ұйымдарынан 63 маман қатысты.

Семинардың негізгі бөлімінде:

Сарсенова Камшат Жамбылқызы, Облыстық арнайы мектеп-интернатының ағылшын тілі пәні мұғалімі - «Көзі нашар көретін оқушыларға ағылшын тілі пәнінде қолданылатын АРТ-терапия әдіс-тәсілдері»;

Қуанышбекова Маржан Асқарқызы, Жаңаөзен арнайы мектебінің педагог-дефектологі - «Қазақ тілі пәнін зиятында бұзылыстары бар балаларға оқыту ерекшеліктері мен өзекті мәселелері»;

Сүлейманова Алмагүл Халдыбайқызы, №3 арнайы мектебінің көркем еңбек пәні мұғалімі - «ЕББҚ балалардың ұсақ қол моторикасын көркемдік өнер арқылы дамыту» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

 Семинар соңында мамандар алған әсерлерімен бөлісіп, спикерлер мен ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, Google форма арқылы кері байланыс толтырды. 

title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 2 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша тәрбие бағытындағы (директордың ...

Бүгін, ағымдағы жылғы 30 сәуір күні «Worldskills стандарттары негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастырудың үздік тәжірибелері» тақырыбында ...

...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2024 жылдың ...

2024 жылғы 25-26 сәуір күндері Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің ...

2024 жылғы 26 сәуір күні Жаңаөзен қаласындағы № 5 мектеп-гимназиясында «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу жобасы аясында ...

Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. Атаулы додаға 26 құзіреттілік бойынша 17 елдің өкілдері ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ...

Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Worldskills чемпионатының құрамдас ...