Облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас мамандарға арналған сырттай байқауы өтті.
2024 жылғы 28 мамыр күні мектепке дейінгі ұйым қауымдастығының 2024 жылғы іс-шаралар жоспарларына сәйкес, облыстық «Тәрбиеші болу бір бақыт!» жас мамандарға арналған сырттай байқауы өтті.
Байқауға аудан, қалалардан үздік деп танылған 5 жұмыс тандалды.
І тапсырма - «Жас маман- жаңашыл ұстаз» тақырыбында эссе жазу,
ІІ тапсырма - «Шығармашылық жолдың бастамасы» тақырыбында өзін - өзі таныстыру,
ІІІ тапсырма - «Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет» арқылы жетістіктері мен құжаттары, кіріктірілген күн тәртібінде жүргізілген тәрбиелеу-білім беру процесінің 7 минуттық бейнероликтерін бағалады.
Қазылар алқасының шешімімен төмендегі орындар белгіленді:
І орын: Калдаманова Жаркынай Картабаевна - Мұнайлы ауданы, №10 «Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі;
ІІ орын: Оңаш Тілекші Оңашқызы - Маңғыстау ауданы, «Еркетай» бөбекжайының тәрбиешісі;
ІІІ орын: Арысова Гулзада Таргыновна – Жаңаөзен қаласы, №21 «Айзере» бөбекжайының тәрбиешісі;
Жеңімпаздар Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!
https://youtu.be/RjC6WBVEunc?si=d49_EhV1K9_EYpnZ
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылдың 2 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша тәрбие бағытындағы (директордың ...
Бүгін, ағымдағы жылғы 30 сәуір күні «Worldskills стандарттары негізінде кәсіби дағдыларды қалыптастырудың үздік тәжірибелері» тақырыбында ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, әдістемелік қолдау көрсету және іс-тәжірибе тарату мақсатында 2024 жылдың ...
2024 жылғы 25-26 сәуір күндері Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің ...
2024 жылғы 26 сәуір күні Жаңаөзен қаласындағы № 5 мектеп-гимназиясында «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін енгізу жобасы аясында ...
Біріккен Араб Әмірлігінде өткен Emirates Skills XV ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті. Атаулы додаға 26 құзіреттілік бойынша 17 елдің өкілдері ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспары мен Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ...
Ақмаржан қала - Ақтау, Мұнайлы мекен - Жаңаөзен қалаларында Маңғыстау облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен Worldskills чемпионатының құрамдас ...